ӘР МАМАНДЫҚ – БІР ӘЛЕМ

51

Бүгін қаладағы №12 ІТ мектеп-лицейінде “Әр мамандық – бір әлем” тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Тағылымды шараға “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Қызылорда филиалының директоры Нұрбол Абызбаев және жергілікті колледждерден өкілдер қатысып, жастарға мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді.

Ұстаздар оқу бағдарламаларын, мемлекеттен берілетін жеңілдіктер жайында толық мағлұмат берсе, кәсіпорын директоры Нұрбол Сансызбайұлы жол зертханасының жұмысы мен жол саласындағы қат мамандар туралы баяндады. Жасыратыны жоқ, бүгінде жол құрылысында кәсіби мамандар тапшы. Үлкен жол салушы компаниялар шет елден кадрлар тартуға мәжбүр. Сондықтан, еліміздің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың бірі жолшы! Келешекте жол-көлік саласында еңбек етем деген жастарға қазір мүмкіндік мол. Жоғары оқу орындарында жол құрылысы мамандығына бөлінетін грант саны жылдан жылға ұлғайып келеді. Осыған орай, “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК елімізде “2000 мектеп” жобасын қолға алып, жастарды жол мамандығын таңдауға үгіт-насихат жасап келеді. Міне, осындай мүмкіндікті мектеп бітіруші түлектер мүлт жібермеуі керек. Кездесу барысында оқушылар қонақтарға өз сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Advertisements