АЛМАС ӨТЕШОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

136
                          Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, Өтешов Алмас Дәулетярұлы ауыр атлетикадан ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.
Алмас Дәулетярұлы – Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан екі дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.
10.02.2025 жылдан бастап – Басқармаға қарасты “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер;
12.06.2025 жылдан бастап – Басқармаға қарасты “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметтерін абыройлы атқарды.
Ендігі кезекте Алмас Дәулетярұлы облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижесіне жауапты болады.
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Advertisements