ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАҢА БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айбек Смадияров ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарғанРуслан Желдібай лауазымынан босатылды.
фото: prokadry инстаграмм парақшасынан







