Оқушылар экология тақырыбында пікірсайыс өткізді

79

Paparaci.kz Қызылорда облысы, Қазалы ауданында мектеп оқушылары арасында экология тақырыбында ерекше пікірсайыс өтті. Қоршаған ортаны қорғауға үндейтін зияткерлер додасында жастар «Таза Қазақстан» эко акциясының мән-маңызына кеңінен тоқталды.

Аудандағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп оқушылары жалпұлттық жобаға айналған «Таза Қазақстан» бастамасына үн қосып, үнемі тазалық шараларына атсалысып келеді. «Экологияны сақтау – заңмен бе, сана-сезіммен бе?» тақырыбында өткен пікірсайысқа мектеп оқушыларынан құралған 2 фракция қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары жөнінде өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады. Бір топ табиғатты қорғауда заң талаптарының маңызына басымдық берсе, екінші топ экологиялық жауапкершілік ең алдымен жеке сана-сезім мен тәрбиеден басталатынын алға тартты.

Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлау, пікір айту және дәлелдеу дағдыларын дамыту болды.

Қатысушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, ресурстарды үнемді пайдалану және экологиялық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша мазмұнды ойларымен бөлісті.

Advertisements