“Қайсар” ФК алғашқы турда ірі есеппен жеңілді

47

“Қайсар” командасы “Арыс” ұжымымен кездесіп, 0:6 есебімен ірі жеңіліске ұшырады.

Қазақстан  футбол федерациясының ұйымдастыруымен киберфутболдан eKPL чемпионаты бастау алды.  Алғашқы турында “Қайсар” сапынан Нұрбақыт Мирғали (Nurba) өнер көрсетіп, Арыс өкілі – Ростислав Стародубцев (Rost1ih) қарсы ойнады.

Кездесу нәтижесінде «Қайсар» 0:6 есебімен ірі жеңіліске ұшырады. Қарсылас ойыншы матч бойы басымдық танытып, айқын жеңіске жетті.

Осылайша, «Қайсар» үшін маусым сәтсіз басталып, келесі турларда нәтиже жақсартуға мүмкіндік іздейді.

Advertisements