Сәтпаев “Челси”-дің негізгі ойыншысы атануы мүмкін

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев келесі маусымда «Челсидің» негізгі құрамына енуі мүмкін, бұл туралы offside_kz_ парақшасында жарияланды. Бапкер Лиам Росеньор ойыншының бейімделуін жеке бақылауына алып, оған арнайы жаттығу бағдарламаларын әзірлеген.
«Қайратпен» жасалған трансфер келісімі бойынша, Сәтпаев 2026 жылдың жазына дейін клуб сапында өнер көрсетуді жалғастырады. Ал тамыз айында 18 жасқа толған соң, ресми түрде «Челсиге» қосылып, Премьер-лига матчтарына толыққанды қатыса алады.
Айта кетейік, қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев қазіргі таңда Еуропа клубтарының назарында жүрген болашағы зор футболшылардың бірі. Ол тіпті әлемнің ең үздік жас ойыншыларының TOP-50 тізіміне енген .
Жас шабуылшы алматылық «Қайратта» өзін жақсы қырынан көрсетіп, қысқа уақыт ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Сарапшылар да оны Қазақстан премьер лигасының үздік футболшыларының бірі деп бағалайды .
фото: Sports.kz







