Белсенді азамат – қуатты қоғамның негізі

30

Елдің тұрақты дамуы әр азаматтың қоғамдық өмірге белсенді араласуынан басталады. Өз пікірін білдіру, ортақ іске атсалысу және маңызды шешімдер қабылданатын үдерістерге қатысу – өркениетті қоғамның басты қағидаларының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауының маңызы ерекше.

Құрылтай – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, халықтың үнін жеткізетін маңызды қоғамдық диалог алаңы. Бұл – түрлі саланың өкілдері бас қосып, елдің дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салатын мүмкіндік. Сондықтан Құрылтай құрамын қалыптастыруға әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Бүгінгі таңда қоғамның дамуына ықпал етудің ең тиімді жолдарының бірі – сайлауға қатысу. Әрбір дауыс белгілі бір тұлғаны қолдау ғана емес, қоғамның болашағына деген көзқарасты білдіреді. Азаматтық белсенділік артқан сайын қоғамдық бастамалардың да нәтижесі арта түседі.

Құрылтай сайлауы – бір күндік науқан емес. Бұл – елдің болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті сезінудің, қоғамдық бірлікті нығайтудың және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңызды кезеңі.

Әрбір азаматтың дауысы маңызды, ал қоғамның болашағы – баршамыздың қолымызда.

Advertisements