Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні Қызылорда қаласында дауыс беру науқанымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де ұйымдастырылды. Бұл күні қала тұрғындары азаматтық таңдауын жасап қана қоймай, күнделікті қажетті азық-түліктерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Жәрмеңке сөрелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қатар, маусымдық жеміс-жидек пен көкөністер де қолжетімді бағамен ұсынылды. Дауыс беруге келген тұрғындардың бір бөлігі сайлау учаскесіне соғып, өз таңдауын жасағаннан кейін жәрмеңкеге барып, қажетті өнімдерін сатып алды.
Жәрмеңкеде сауда-саттық қызу жүріп, тұрғындардың қарасы қалың болды. Осылайша, сайлау күні қалада азаматтық белсенділік пен күнделікті әлеуметтік тіршілік қатар өрбіді.
– Бүгін сайлауға дауыс беруге шыққан едім. Дауыс беріп болған соң жәрмеңкеге соғып, біраз азық-түлік алып алдым. Балаларға қауын-қарбызды арзан бағаға сатып алдым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді қала тұрғыны.
Сайлау күні ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрғындарға сапалы әрі қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп, қаладағы әлеуметтік белсенді күннің мазмұнын толықтыра түсті.

Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Қызылордада «Green Aral: Volunteers for Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
20 октября, 2026, 17:08 -
Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09 -
KazRoadLab: Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылаудың цифрлық жүйесі
19 октября, 2026, 18:58 -
Жүгері дақылын өсіру жұмыстары қолға алынуда
18 октября, 2026, 15:43
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







