Құрылтай сайлауы: Шетелдегі алғашқы учаскелер дауыс беруге кірісті

17

23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау үшін шетелдегі сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды paparaci.kz  “kazgazeta”ақпаратық-агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Ақпаратқа сәйкес, Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, дауыс беруді алғашқылардың бірі болып бастады. Одан кейін Малайзиядағы №423 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті.

Кейіннен Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы сайлау учаскелері де кезекпен ашылып, дауыс беру басталды.

Ал Құрылтай сайлауында алғаш болып дауыс берген Қазақстан азаматы – Сеулдегі Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова.

Фото: СІМ

Advertisements