«Бәйтерекке» қатынайтын жаңа көпірдің құрылысы аяқталуға жақын

39

Қызылордада «Бәйтерек» тұрғын ауданына қатынайтын жаңа көпірдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір нысандағы жұмыстардың 95 пайызы орындалған. Қызылжарма каналы арқылы өтетін көпірдің ұзындығы – 56 метр. Құрылысты «Асанас Дар» ЖШС жүргізіп жатыр.

Нысанның сапасына Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары да бақылау жүргізді. Олар жылжымалы зертханамен көпір құрылысына 7 рет барып, құрылыс материалдарынан 18 сынама алған.

Зертханалық тексеру кезінде 6 сынама талапқа сай емес болып шықты. Анықталған кемшіліктер мердігерге көрсетіліп, қазір қайта түзетіліп жатыр. Ең бастысы, тексеру барысында өрескел ақаулар анықталған жоқ.

Жаңа көпір пайдалануға берілгенде «Бәйтерек» тұрғын ауданына қатынайтын жол қысқарып, тұрғындар үшін қатынас қолайлы әрі қауіпсіз болмақ. Нысан ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға да мүмкіндік береді.

 

Advertisements