«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында дебат турнирі өтті

69

Қызылорда облысы әкімдігінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында дебат турнирі өтті.

Дебаттың мақсаты – қызметкерлердің сыни ойлауын, дәлелді пікір білдіру дағдыларын, сөйлеу мәдениетін және моральдық-әдептілік құндылықтарын дамыту.

Екі күнге созылған пікірсайыс турниріне облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардан 16 команда қатысты.

Тартысты өткен сайыс қорытындысымен бірінші орынды облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының «Сатып алу гладиаторлары» командасы еншілесе, екінші орынды облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Қырағы аудиторлар» командасы иеленді. Жүлделі үшінші орынды облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Jasstar» командасы мен облыстық сот әкімшілігі департаментінің «Фемида» командасы тең бөлісті.

Сонымен қатар, Агроөнеркәсіптік кешендегі аумақтық инспекцияның бас маманы Бағжан Сұлтан дебат турнирінің «Үздік спикері» атанса, Мемлекеттік қазынашылық департаментінің бас маманы Гүлзира Махмутова «Парасат» номинациясымен және «Жас өркен» номинациясымен Әділет департаментінің маманы Азамат Байжігіт марапатталды.

Бұл пікірсайыс турнирі «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасын жүзеге асыру аясында Агенттіктің бастамасымен бір мезетте республикамыздың барлық өңірлерінде 1-2 қазан күндері ұйымдастырылды.

Advertisements