Арал ауданында бір әулеттің 9 келіні бірге дауыс берді

291

Paparaci.kz Қызылорда облысы, Арал ауданының Мергенсай ауылдық округінде келіндер көпті тәнті етті. Елді мекендегі №23 референдум учаскесіне бір мезетте Раевтар әулетінің 9 келіні келіп дауыс берді. Алды ақжаулықты ана атанған абысындар референдум учаскесінде әндетіп, думандатып тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлады. Осылайша бір әулеттің өсіп-өніп, түтінін түтетіп отырған келіндер ауызбіршілік танытып, ел болашағы үшін жасалып жатқан саяси науқанда өз таңдауын жасады.

Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 56 референдум учаскесі белгіленген болса, оның 16-ы Арал қаласы бойынша жұмыс істейді. Референдумда 46066 сайлаушы өз таңдауларын жасайтын болады. Ең алғаш сайлау учаскелерінде еліміздің Әнұраны шырқалып, дауыс беру жәшіктері қойылды

Advertisements