АСТАНАНЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІ НЕГЕ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ?

Астанада әуе кеңістігін пайдалануда бірқатар шектеулер болады деп күтілуде. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 22 сәуірі мен 7 мамыры аралығында әуе кеңістігі жабылады.
Осы мерзім аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары орындалады. Сол себепті Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.
Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуекомпания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеру сұралады:
- Air Astana: Алматы: + 7 (727) 244 44 77, Астана: + 7 (7172) 58 44 77, қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77
- SCAT +7 (7252) 99 88 80
- Qazaq Air +7 (727) 356 14 14
- FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)
- Астана әуежайы +7 (7172) 702–999