Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың санитарлық тазалығына және жылу маусымына дайындарына назар аударды

51

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге аудандық аурухана мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барып, мекемелердің санитарлық жағдайымен, абаттандыру жұмыстарының барысымен және жылу жүйелерінің жай-күйімен танысты.

Жұмыс сапары барысында аудан басшысы алдымен мекеме аумақтарының тазалығы мен жалпы санитарлық жағдайына назар аударды. Аумақтардың таза әрі ұқыпты күтіп ұсталуы, санитарлық тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі және қоршаған ортаның талапқа сай болуы жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, мекеме ғимараттарының сыртқы келбеті мен аула аумақтарын күтіп-баптау деңгейі сараланды.

Сапар кезінде көгалдандыру және көркейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше мән берілді. Аудан әкімі жасыл желектерді көбейту, гүлзарларды күтіп-баптау, ағаш көшеттерін отырғызу және аумақтың эстетикалық келбетін жақсарту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстардың тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда және экологиялық ахуалды жақсартуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан басшысы денсаулық сақтау нысандарындағы жылу қазандықтарының жұмысын арнайы қарап, олардың техникалық жай-күйімен танысты. Қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, жабдықтардың жарамдылығы және алдағы жылыту маусымына дайындық деңгейі талқыланды. Жауапты мамандар қазандықтардың қазіргі жағдайы мен жоспарлы жөндеу жұмыстары жөнінде ақпарат берді.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін нысандардың санитарлық талаптарға толық сай болуы, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты мекеме басшыларына санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Жалпы, аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылау және олардың қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Advertisements