ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАПЕРДЕН ШЫҚПАУЫ ТИІС

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті электросамокаттарды зарядтау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады!
Соңғы уақытта самокаттан шыққан өрт оқиғалары артты. Үй ішінің қауіпсіздігі үшін келесі ережелерді еске саламыз:
Зарядтағыш – тек түпнұсқа болу керек!
Жалған құрылғы – батареяның қызып, жарылуына себеп болады.
Самокатты қараусыз қалдырмаңыз;
Түнде немесе үйде ешкім жоқ кезде зарядтауға болмайды!
Жанғыш заттардың жанында зарядтамаңыз;
(төсек, перде, жиһаз қасында қауіпті)
Толық қуатқа жеткізбей тоқтатыңыз;
100%-ға жеткізбей, қуаттауды өшіріңіз
Ісінген не иісі шыққан батарея – қауіп көзі болып табылатындығын естен шығармайық!
Өз үйіңіз бен жақындарыңыздың амандығы өз қолыңызда!
Қарапайым ережелерді сақтау – үлкен қауіптің алдын алады!
Фото: freepik.com