ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗСТАНМЕН ОДАҚТАСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ РАТИФИКАЦИЯЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы” заңға қол қойды.
Заң қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер мен қатерлерге қарсы тұрудағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Келісім саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзит-көлік, су-энергетика, білім беру, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуді көздейді.
Келісімнің ережелеріне сәйкес тараптар парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мен нығайтуды да қолдайды.







