
Биылғы оқу жылы да аяқталып, мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя білім ордасымен қоштасатын сәті келіп жетті. Бұл күн – түлектер үшін ерекше мәні бар, есте қалатын жарқын сәттердің бірі.
Бүгін Қазалы ауданындағы барлық мектептерде мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты шаралар өтті.
Әйтеке би кентіндегі Мұстафа Матаев атындағы №170 мектепте өткен мерекелік салтанатты кешке аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, түлектерді құттықтап, жарқын болашақ тіледі.
-Бүгін аймағымызда 10 мыңнан аса жас түлек, ал Қазалы ауданында 1015 түлек он бір жыл бойы білім алған алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет» деп атап өткен болатын.
Жақында ғана Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлының төрт жылдан астам уақыт облыс әкімі ретінде атқарған кезеңінде Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді, оның ішінде 45 жаңа білім беру нысаны ел игілігіне берілді. Қазалы ауданында да «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар 9 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар білім ордалары заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Бұл – еліміздің кемел келешегіне салынған маңызды инвестиция. Ұстаздар қауымына аудан халқы атынан зор ризашылығымды білдіремін. Барша түлектерге қанаттарыңыз талмай, арман-мақсаттарыңызға жетіп, ел үмітін ақтауларыңызға тілектеспін, – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Салтанатты шарада ардагер ұстаздар мен ата-аналар да құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге ақ батасын берді. Бұдан әрі жас түлектер мектеп алаңында вальс билеп, ән шырқап, ұстаздарымен естелік суретке түсті.
Дәл осындай бітіру кештері аудан әкімінің орынбасарлары, кент, қала және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен барлық мектептерде ұйымдастырылды.
Айта кетейік, биыл ауданымызда 1015 түлек мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде 943 оқушы ҰБТ-ға қатысуда. 99 түлек «Алтын белгіге», 116 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00 -
Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00 -
Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29 -
Жол қозғалысы ережесін бұзған 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды
12 августа, 2026, 18:02
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.






