БЕЙБІТ МИТИНГТЕН ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЛАЙ АҚПАРАТ ТАРАТАДЫ?
Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен, бейбіт шеруге қатысатын журналистің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілді. Бұйрық 15 сәуірден бастап өз күшіне енеді.

Фото by freepik.com.
Жаңа талапқа сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері бейбіт жиналыстарда ақпарат жинау, өңдеу, хабар және материал дайындау барысында өзімен бірге қызметтік куәлігін алып жүруге және арнайы киім киюге міндетті. Нақты айтқанда:
– хабарлар мен
материалдарды жинау, өңдеу және дайындауды жүзеге асырады, ақпаратты сұратады,алады және таратады;
– көлік қозғалысына, инфрақұрылым нысандарының
жұмысына, мүліктің сақталуына кедергі келтіретін, сондай-ақ бейбіт жиналысқа қатыспайтын азаматтардың еркін қозғалысына тосқауыл болатын әрекеттер
жасамайды;
– бейбіт жиналыстар ұйымдастырушылардың, оған қатысушылардың және мемлекеттік органдар менұйым қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі жасамайды. Журналистердің кәсіби қызметін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган бұқаралықақпарат құралдарының сұранысы бойынша жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз
етеді.
Жедел баспасөз орталығы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
– арнайы қоршалуы;
– фото, видеоға түсіру және сұхбат алу мүмкіндігін
қамтамасыз ету;
– электр қуатымен қамтамасыз етілуі;
– өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда ішкіістер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі арқылы журналистердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.
Журналист бейбіт жиналыстарда ақпарат жинау, өңдеу,дайындау қызметін жедел баспасөз орталығы аумағында да, одан тыс жерлерде де
жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыс кезінде өз өкілініңқатысуын қамтамасыз етеді. Ол журналистерді
жедел баспасөз орталығына ертіп бару, ұйымдастырушылар мен қатысушылардансұхбат, түсініктеме алуға көмектесу, сондай-ақ журналистердің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жауапты.
Журналистердің бейбіт жиындағы формасы:
– Ашық көк түсті жилет;
– Белгілейтін таңғыш (қолға тағады);
– Жапсырма (кеудеше).
Жаңа өзгеріс митингтерде журналистқауіпсіздігін сақтап, халықты нақты ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатын көздейді.