“Бойдақтарға қарастыру керек”: Депутат Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу ұсынысына қатысты пікір білдірді

0
6
Фото: freepik

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы paparaci.kz сайты хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап.

Бұған дейін, депутат Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу туралы ұсыныс айтқан еді. Ал депутаттың өзі мұндай ұсыныс айтпағанын, ал БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттың фейк екенін жеткізді.

“Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесіп, егде жаста үйлену, кеш некелесу тақырыптарын талқыладық. Мұндай салықтар бұрын Италия мен Болгарияда болған деседі. Бұл өте маңызды мәселе және оны демографиялық жағдай тұрғысынан қарастыру қажет. Адамдар кеш үйленсе, бала тәрбиесі, оларды аяққа тұрғызу мәселесі қиындық тудырады. Біз дәл осы тақырыпты талқыладық. Бірақ кейбір БАҚ сөзімді бұрмалап, осындай салық енгізуді ұсынды деп жариялады”, – деді депутат.

Мәжілісмен Facebook әлеуметтік желісінде ақпаратты теріске шығарғанын айтып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертті.

“Тіпті теориялық тұрғыдан алғанда, Мәжілістің мұндай заңды қабылдау мүмкіндігін қарастыруы екіталай.Себебі бұл жерде әртүрлі мәселелер бар. Оның ішінде денсаулығында мәселесі бар адамдар да бар. Бойдақтарға келетін болсақ, мұны қарастыру керек. Өйткені отбасы институты өте маңызды әлеуметтік мәселе”, – деді депутат.

Айта кетейік, Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу бастамасы сонау 2014 және 2010 жылдары талқыланған еді.

 

Фото: freepik

Advertisements