CHATGPT-ДІ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

104

     Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин мемлекеттік қызметшілерге ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салынғанын айтты.

Ол Цифрлық даму министрінің қызметтік мақсатта, әсіресе “ҚПА” (қызметтік пайдалануға арналған) форматындағы құжаттармен жұмыс кезінде ChatGPT қолданылмауға тиіс деген бұйрық шығарғанын атап өтті. Сонымен қатар бұл мәселе тек шектеумен шешілмейтінін айтып, балама ретінде отандық нейрожелі ұсынылғанын жеткізді.

“Егер біреу жұмыс өнімділігін арттыру үшін тілдік модельді пайдаланғысы келсе, ол үшін балама шешім болады – бұл біздің ғалымдар әзірлеген үлкен тілдік модель. Ол жабық контурда, өз серверлерімізде жұмыс істейді,” – деді Төлеушин.

Ол мұндай шешімнің негізгі мақсаты – деректердің таралып кетуін болдырмау екенін растады.

Advertisements