«Е-АРХИВ» – МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫН САҚТАУДЫҢ СЕНІМДІ ЖҮЙЕСІ

0
485

    Қызылорда облысының мемлекеттік архиві, ҚР Президенті архивінен кейін елімізде алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің қолдауымен 2010 жылы  «Электронды архив» жүйесін енгізу қолға алынды. Осының негізінде облыстық мемлекеттік архивінде арнаулы топ қордағы қағаз құжаттарды электронды нұсқаға енгізу жұмыстарын бастады. Ал бүгінде сала «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» жүйесімен қарқынды жұмыс істеуде.

    2020 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметінің негізгі процестерін автоматтандыру, сондай-ақ архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру мақсатында «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бұл цифрлық жеткізгіштердегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, электрондық картотеканы құруға, қағаз түпнұсқалардың өмірін ұзартуға, Ұлттық архив қорының құжаттарын жедел іздестіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік архивтер жұмысының тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта   облыстық әкімдіктер, басқармалар, департаменттер және аумақтық инспекциялары «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне қосылып жұмыс жасап отыр.

    «Е-архив» ақпараттық жүйесімен 11 архив мекемесі де жұмыс істеуде. Қазіргі таңда облыстық архив және оның филиалдарынан «Е-архив» ақпараттық  жүйесіне 187 қор, 62119 іс  5 379 688 парақ енгізуде. Архив құжаттарын сапалы цифрландыру бойынша 2023 жылы А2 форматындағы 2 дана планетарлық,  5 дана А3 форматындағы жоғары жылдамдықты сканерлермен қала аудан филиалдары қамтылды.  Ұлттық архив қоры құжаттарын цифрландыру бойынша архив ұйымдары 572 қордан, 265370 сақтау бірлігін, 28 470 630 парағын сканерден өткізуде.

   “Е-архив” ақпараттық жүйесі архив  жұмыстарын жоғары деңгейге көтеруге және онда сақтаулы тұрған құжаттарға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін жоба.

Advertisements