ЕРКІН АҚЫШТЫҢ «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТЕГІ» ЕҢБЕГІ

21

Осы жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 20 жыл толып отыр. Осы атаулы мереке аясында біз Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерін таныстыруды бастадық. Мемлекеттік қызмет саласындағы адал еңбек пен жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп келе жатқан тұлғалардың бірі – Еркін Өмірғалиұлы.

Халыққа қызмет – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін міндет. Еркін Өмірғалиұлы бүгінде Жалағаш аудандық бөлімінде басшы орынбасары қызметін атқарып келеді.

Еркін Ақыш 1963 жылы 15 қазанда Жалағаш қыстағында дүниеге келген. Ол механизатор, әртүрлі өндірістік, құрылыс және техникалық салаларда тәжірибе жинаған. 1999 жылдан бастап тұрғын үй, жылжымайтын мүлік және түгендеу саласында жетекшілік еткен. Сол жылдан бастап Жалағаш аудандық филиалында жетекші маман, кейін бөлім басшысы болып, 20 жылдан астам уақыт бойы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді. 2024 жылдың сәуір айынан бастап бөлім басшысының орынбасары ретінде қызметін жалғастырып келеді.

Жетістіктері де аз емес – ол бірнеше мәрте облыс және аудан әкімдерінің, тіркеу комитеті мен орталық басшыларының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Еркін Ақыштың кәсіби жолы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүйесіндегі табанды еңбек пен қоғам алдындағы адал қызметтің нақты көрінісі. Бұл жол – жас мамандарға үлгі, ал сала қызметкерлері үшін сенімді серіктестік пен кәсіби шеберліктің өлшемі.

Advertisements