ХҚКО МАМАНДАРЫ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

32

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл — түрлі этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан еліміздің басты мерекелерінің бірі. Осыған орай Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бұл күнді ерекше форматта атап өтті.

Бүгін өңіріміздегі ХҚКО қызметкерлері келушілерді өздерінің ұлттық киімдерінде қарсы алып, қызмет көрсетті. Қазақтың шапаны мен сәукелесі, орыс кокошнигі, өзбек шапаны, украин гүлдестесі мен кестеленген жейдесі – барлығы да бір шаңырақ астындағы береке мен достықты білдіретін символға айналды.

Мұндай бастама халықтың бір-біріне деген сыйластығы мен мәдени әртүрліліктің артықшылықтарын көрсетуге бағытталған. Келушілер бұл күнгі ерекше атмосфераға тәнті болды.

“Ұлттық киімдегі мамандарды көріп қуанып қалдық. Бұл — еліміздегі достықтың жарқын көрінісі. Осындай игі істер көп болсын!”, деді қызмет алушы Айгүл Ахметова.

Advertisements