ӘЙЕЛІНІҢ ҚОЛЫН БАЛТАЛАП ТАСТАҒАН

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде 42 жастағы әйелдің қолын күйеуі балталап тастаған. Қазір келіншек ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Науқасқа шұғыл көмек көрсету үшін қаладан санавациямен дәрігерлер келген. Олар келіншектің өзге де бірнеше жарақаттары барын айтады. Басынан да қатты соққы алған. Сондықтан жәбірленушінің денсаулығына қатысты, әзірге нақты шешім айта алмайтындарын жеткізді. Ал күдікті аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді. 20 жылдан аса тәжірибесі бар маман. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жұмыстары жалғасуда.