К.МӘСІМОВТІҢ МҮЛКІ ӘКІМДІКТІҢ ТЕҢГЕРІМІНЕ БЕРІЛЕДІ

Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданындағы Кәрім Мәсімовтің элиталық жылжымайтын мүлкі әлеуметтік қажеттіліктер үшін Астана әкімдігінің балансына беріледі.
Бағаны көтеру арқылы өткізуге арналған сауда 13 мамырда басталуы тиіс болған. Бастапқы баға – 1,68 млрд. теңге, ал кепілдік жарна – 118 млн. теңге еді. Алайда бұл мүлік енді сатылмайды. Ол әлеуметтік қажеттіліктер үшін тәркіленіп алынды. Бұл туралы 28 сәуірде қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді.
“Астана қаласының әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаладағы әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында беру туралы ресми сұраныс түсті. Өтініштің әлеуметтік маңыздылығын және заңнамалық нормаларды ескере отырып, объект электронды сауда жоспарынан алынды. Одан арғы пайдаланылуы жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен анықталады”, – делінген ақпаратта.