МОПЕДШІЛЕР ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАНАДЫ?

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопед жүргізушілері ресми түрде толыққанды жол қозғалысы қатысушылары болып саналады. Енді ереже бұзған жағдайда, оларды автокөлік жүргізушілеріне ұқсас жазалайтын болады.
Мопед жүргізушілері үшін міндетті талаптар болады:
* көлікті тіркеу
* жүргізуші куәлігінің болуы
* міндетті сақтандыру
* техникалық тексеруден өту
* қорғаныш каскасы
* мопедтің техникалық жағдайы
Қос дөңгелекті көлік тізгіндеушілерге мына ережелерді бұзғанда тиісті жазалар тағайындалады:
* мас күйінде басқару
* жүргізуші куәлігінсіз немесе оны алу құқығынан айырылған күйде басқару
* жылдамдықты асыру
* қауіпті маневрлер жасау және қарсы жолаққа шығу
* бағдаршамның қызыл шамынан өту
* жаяу жүргіншілерге жол бермеу
* жол белгілері, жолақтар және қиылыстар бойынша ережелерді бұзу
* заңсыз жарық және дыбыстық сигналдарды пайдалану
* авариялық жағдайлар жасау
Соңғы уақыттары осы мопед айдаушылардың қатысуымен болатын жол апаттары күрт өскен. Жаңа талап сондай олқылықтардың алдын алады деген сенім бар.