NASA МАРСҚА ДРОН ҰШЫРМАҚ

56

        NASA Mars Chopper атты жаңа дронды Марсқа ұшырады. Бұл – Марсқа жіберілетін бірінші дрон және оның өлшемі –  джип көлігі тәрізді.  Жоба авторларының айтуынша, аппарат Марста өмірдің іздерін табуға көмектеседі. 

        Mars Chopper алты ротормен жабдықталады, әрбір роторында алты қанаттан болады. Бұл Марстың сирек атмосферасында аппараттың тұрақты ұшуын қамтамасыз ету үшін қажет. Құрылғының негізгі міндеті — биомаркерлерді, яғни өмірдің болғандығын көрсететін химиялық іздерді іздеу.

     Mars Chopper сондай-ақ болашақта адамдардың миссиялары үшін қолайлы жерлерді бағалауға да көмектесетін болады. Аппарат үш ғылыми құралмен жабдықталады, олардың жалпы салмағы 3 келі, ал рұқсат етілген жүктеме — 5 келі. Бұл оған жоғары маневрлік қасиеттер береді және Марс бетінен орташа деңгейден 1500 метрге дейін көтерілу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

    Қазіргі уақытта жоба жоспарлау кезеңінде, бірақ NASA өкілдері Mars Chopper жаңа дәуірді ашып, Марсты зерттеудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатындығына сенімді.

Advertisements