Оқушылар экология тақырыбында пікірсайыс өткізді

Paparaci.kz Қызылорда облысы, Қазалы ауданында мектеп оқушылары арасында экология тақырыбында ерекше пікірсайыс өтті. Қоршаған ортаны қорғауға үндейтін зияткерлер додасында жастар «Таза Қазақстан» эко акциясының мән-маңызына кеңінен тоқталды.
Аудандағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп оқушылары жалпұлттық жобаға айналған «Таза Қазақстан» бастамасына үн қосып, үнемі тазалық шараларына атсалысып келеді. «Экологияны сақтау – заңмен бе, сана-сезіммен бе?» тақырыбында өткен пікірсайысқа мектеп оқушыларынан құралған 2 фракция қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары жөнінде өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады. Бір топ табиғатты қорғауда заң талаптарының маңызына басымдық берсе, екінші топ экологиялық жауапкершілік ең алдымен жеке сана-сезім мен тәрбиеден басталатынын алға тартты.
Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлау, пікір айту және дәлелдеу дағдыларын дамыту болды.
Қатысушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, ресурстарды үнемді пайдалану және экологиялық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша мазмұнды ойларымен бөлісті.







