ОРМАН ӨРТІН СӨНДІРУ СТАНЦИЯЛАРЫ ТАПШЫ

32

  Жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 гектар аумақты қамтыған 32 орман өрті тіркелді. Солай бола тұра, орман өртін сөндіру станцияларын жаңартуға ақша бөлмей отырған облыстар бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

   – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ормандағы өрт сөндіру станцияларының жетіспеушілігі байқалады. Ал оның жартысы өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған. Облыстардың жергілікті бюджеттеріне эмиссия үшін төлемдер түскенімен олар жаңа орман өрт сөндіру станцияларын салуға бағытталмаған, — деді министр.

    Бүгінде орман инспекторларының тапшылығы сезілуде. Орман күзеті мен жеке құрамының аздығы салдарынан, көптеген мәселелер туындауда. Ведомство басшысының айтуынша,  Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында орман күзетiнiң штат санын нормативке дейiн жеткiзу мәселесi шешiлмеген.

 

Advertisements