ОРТАЛЫҚ СТАДИОН ЖАҢАРТЫЛАДЫ

0
255

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың бастамасымен Қазақстан футбол федерациясымен әріптестік байланыс орнатылып, екіжақты меморандумға қол қойылды.

Аталмыш құжат аясында Жалағаш кентіндегі орталық стадионның жасанды жасыл алаңы УЕФА-ның «Alan» жобасы негізінде қайта жаңғыртылмақ. Бюджетке салмақ салмай, сыртқы қаржы көздері есебінен жүзеге асатын жобаның жалпы құны – 180 млн. теңге. Алаң төсеніштері Еуропадан арнайы жеткізіліп, жұмыстарды тәжірибелі мамандар атқарады. Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталып, жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Бүгінде ауданда 200-ге жуық жасөспірім футболмен тұрақты түрде айналысуда. Енді олар заманауи талаптарға сай жабдықталған жасыл алаңда жаттығып, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Advertisements