Партия қатары білікті мамандармен толықты

2

Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Маңызды саяси мәнге ие бұл іс-шара барысында бірқатар белсенді азаматқа партиялық билеттер салтанатты түрде табысталды.

Жиында сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі ретінде елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформалардың маңызына тоқталдым. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаты – халық игілігі жолында қызмет ету екенін атап өттім.

– Президентіміз қандай бастаманы қолға алса да, осы бұлжымас қағидадан айныған емес. Біз алдағы уақытта да осы қарқынды бәсеңдетпеуіміз керек. Партиямыздың мыңдаған мүшесі Президент бастамаларын әрі қарай да іске асыруға атсалыса береді. Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке аясында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып, бірқатар азаматқа партиялық билеттер табыстау үшін бас қосып отырмыз. Алдағы уақытта өздеріңізбен бірлесе нақты жұмыстар атқарып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз деп сенемін, – деп партиялық билет иеленіп жатқан білікті мамандарды бірлесе еңбек етуге шақырдым., -деді.

Партиялық билеттер  мемлекеттік қызмет, білім беру, мәдениет және әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген білікті әрі белсенді азаматтарға табысталды. Жаңа мүшелер өз кезегінде ауданның дамуына атсалысып, партиялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Advertisements