ПОЙЫЗДЫҢ ЖӨНЕЛТІЛУІНЕ 10 МИНУТ ҚАЛҒАНДА БИЛЕТ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Теміржол тасымалына қатысты жаңалық. Пойыз билеттерін сатуда жаңа өзгерістер енгізілмек.
Атап айтқанда, билеттер сатылымы былай жүргізіледі:
- жолаушылар пойыздарына – ұйымдастырылған жолаушылар топтарының өтінімдерін қоспағанда, пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде45 тәуліктен 10 минутқа дейін; (бұрын 45-тен 1 тәулікке дейін болған)
- қала маңындағы пойыздарға – пойыз жөнелтілгенге дейін 10 тәуліктен 10 минутқа дейін(бұрын 10-нан 1 күнге дейін болған).
Жолаушылар пойыздарына билеттерді сату Астана қаласының уақыты бойынша сағат 7:00-ден бастап 45 тәулікте жүзеге асырылатыны нақтыланады.
Сондай-ақ бұрын билетті уақытша жеке куәлік негізінде сатып алуға болатын еді, енді бұл мүмкіндік алынып тасталды Жаңа өзгеріс 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.