QAZAQ AIR АВИАКОМПАНИЯСЫ ЕНДІ VIETJET KAZAKHSTAN ДЕП АТАЛАДЫ

Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан–Вьетнам бизнес-форумында жарияланды.
Компанияның жаңа иесі – Вьетнамдық Sovico Group. Мәміле жекешелендіру аясында жүзеге асты. “Самұрық-Қазына” қорының мәліметінше, барлық шарттар орындалған: төлем жасалды, акциялар инвесторға берілді.
Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, бұл әріптестік Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, авиация саласының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жаңа қожайынның жоспары ауқымды: алдағы жылдары авиапаркке Boeing 737 Max немесе Airbus A321 үлгісіндегі 20 жаңа ұшақ қосылады. Жаңарған брендпен компания халықаралық рейстерді де орындай бастайды.Осылайша, қазақстандық лоукостер тарихында жаңа кезең басталды.