«РУХ САНАТЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САЛТАНАТ ҚАЙРАТҚЫЗЫ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

0
258

     Қырғызстанда «Рух санаты» бүкіләлемдік фестиваль-конкурсы өтті. Ыстықкөл жағасында ұйымдастырылған рухани шараға 37 елден 100-ден астам қатысушы – орындаушылар, зерттеушілер мен шеберлер қатысты.

Фестивальдің жеті тақырыптық алаңында көне әуендер орындалып, талқылаулар, шеберлік сабақтары мен білім беру бағдарламалары өтуде. Қатысушылар дәстүрлі өнерді, салт-дәстүрлерді, рухани өнер мұраларын насихаттауды мақсат етті.

“Рух-санаты” фестиваль конкурсында Сыр елінің талантты тумасы, қыл қобызшы, жыршы-термеші Салтанат Қайратқызы 1 орынды жеңіп алды. Салтанат – Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенті. Қорқыт бабадан жеткен қоңыр үнді жаңғыртып, бабалар рухын ұлықтаған қызылордалық дарын иесін үлкен жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы 15 жылда «Рух санаты» фестивалі өнердің дүниежүзілік  энциклопедиясына айналуы мүмкін. Еуропа, Азия, Қытай, Ресей, Африка және басқа да өңірлердің мәдениеттері осы жерде тоғысады.

Advertisements