ШЕРЗАТ БОЛАТ ІСІ БОЙЫНША СОТТАЛҒАНДАР РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНЕ МЕ?

70

Шерзат Болат ісі бойынша сотты болғандар жаңа заң қабылданса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылғы 5 маусым күні Шерзат Болат ісі бойынша 9 сотталушыға үкім шықты. Ал мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Адвокат Жұмат Әбенов резонансты мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды. Бүгінгі сот отырысының соңында ол айыпталушы Абзал Шынасылдың шынайы болғанын, бірақ бір сәттік сенгіштігі өзіне кері әсер етіп, істі мойнына ала салғанын айтты.

Белгілі болғандай, Шерзаттың өліміне тікелей себеп болған соққыны Абзал Шынасыл жасаған.

9 маусымда Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты босауы туралы сұраққа жәбірленуші тараптың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев жауап бергенін хабарладық.

Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесінің үкімі 5 маусым күні оқылып, үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Процесс басталғаннан бері Жоғарғы соттың тікелей эфирін ұйымдастырған түсірілім тобы үшін бұл күн ерекше ауыр және эмоцияға толы болды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Перизат Сәдуақас-Хайруллина мәлімдеген болатын.

Фото: Гүлжан Раманқұлова

Advertisements