«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: 1,4 МЛН. ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

0
125

Елде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері 1,5 млн. тоннаға жуық қоқыс жиналды.

 Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың айтуынша, елде жыл сайын 4 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылса, соның небәрі 25 пайызы қайта өңделеді. Қазір қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу бағытында 63 жоба мақұлданған. Оның бірқатары қаржыландырылса, енді бірі сараптаманың соңғы сатысында тұр. Сонымен қатар өңірлерде қоқыс полигондарын көбейту жұмыстары жүріп жатыр.

– Бүгінгі таңда әкімдіктер 7 жаңа объект салып, пайдалануға берді. 23 полигон бойынша жобалық құжаттамаларын әзірлеу аяқталды және тағы 18 жоба әзірленуде. Сондай-ақ министрлік 11 өңірде 43 полигон құрылысына қаражат бөлу мәселесін пысықтауда дейді, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.

 

 

Advertisements