Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Қуандық Бишімбаев Степногорск колониясының әкімшілігі өзіне жеңілдік жасаудан бас тартқаны үшін наразылық білдірген.
«Аталған сотталушының тәртіп бұзғаны ескеріліп, оның жазасын жеңілдету қарастырылмады. Оның сотқа берген шағымы қанағаттандырылмады», — деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.