Қызылордада 1700-ге жуық заманауи бейнебақылау камералары іске қосылды

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!
Жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қала көлемінде 1 700-ге жуық заманауи бейнебақылау камералары іске қосылғандығын хабарлаймыз. Құрылғылардың басым бөлігі көлік ағыны көп негізгі даңғылдар мен көшелерге, Әуежай бағытындағы жолға, қалаға кіреберіс және шығаберіс аумақтарға орнатылды. Жаңа жүйедегі бейнекамералар бір мезетте бірнеше жолақтағы қозғалысты қадағалап, заңбұзушылықты анықтай алады.
Осыған байланысты көлік жүргізушілерінен мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін, Заң талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ







