ЗЕЙНЕТКЕР WHATSAPP-ТА ЖАЗҒАН ХАТЫ ҮШІН 500 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

фото: ЖИ көмегімен жасалған(Tengrinews.kz )
ШҚО-да сот WhatsApp арқылы жала жабу туралы істі қарады. Тарбағатай ауданының тұрғыны сот алдында жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, 2025 жылғы 17 қазанда Қ. WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігер М.-ның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.
Сот отырысында Қ. өз кінәсін мойындамаған. Жәбірленушінің өкілі болған жағдайды растап, қатаң жазаға тартуды сұрады.
“Сот Қ.-ны ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, айыппұл сомасы құқық бұзушының зейнеткер екені ескеріле отырып, 30 пайызға қысқартылып, оған 495 432 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды”, – делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.







