ЖАҢА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

48

 Қызылорда қаласында жол құрылыс жұмыстары қарқын алып келеді. Шаһар мен әуежай аралығындағы тас жол былтыр 4 жолаққа кеңейтілсе, биыл жол бойындағы көпірлер қайта жаңғыртудан өтіп жатыр.
Көлік логистикасы үшін маңызды нысандарды жергілікті жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары ұдайы бақылап, Шіркейлі және Сыздықов каналдарынан өтетін жаңа өткелдердің құрылыс жұмыстарына тексеру жүргізіп келеді. Зертхана меңгерушісі Мағжан Қасымхан мен сапа бөлімінің басшысы Ержан Усманов мердігер компания өкілдеріне құрылыс барысында нормативтік талаптарды қатаң сақтап, кемшіліктеге жол бермеуді ескертті. Бұрын бұл көпірлерде екі автокөлік жүретін жол болса енді 4 жолаққа кеңейеді. Яғни, жүктеме арта түседі. Сондықтан, сапаға баса мән берілуі керек. Мердігерлер айтылған бірқатар сын-ескертпелерді назарға алатынын жеткізді. Жол бойындағы жаңа өткелдер биыл пайдалануға берілетін болады.

Advertisements