«Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті

51

Қызылордада облыстық «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаз анықталды.

Аталған жобаға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті маусым басталғалы бері тұрақты түрде қолдау көрсетіп, оның мазмұндық бағытын нығайтуға үлес қосты. Финалдық кезеңде департамент өкілдері қатысып, қатысушылардың өнерін тамашалады.  Шараға 4  команда қатысып, өзара  тартысты ойын өрнегін көрсетті.Биылғы маусым «Заң мен Тәртіп» тақырыбына арналды. Қатысушылар сахнада әзіл мен сатира арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, көрерменге ой салды. Атап айтқанда, алаяқтық, қаржы пирамидалары және ойынқұмарлықтың зияны сияқты өзекті тақырыптар кеңінен қамтылды.

«Жайдарман» ойындары – жастардың шығармашылық әлеуетін дамытумен қатар, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң. Шара қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

Advertisements