ЖАС ҰРПАҚ, ДРОППЕРДЕН САҚ БОЛ!

“Заң мен тәртіп” нейротив аясында және ҚР ҚМА төрағасы Ж.Элимановтың бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Шара 700-ге жуық жасты қамтыды.
Басқосудың негізгі мақсаты – жастарды заңсыз қаржылық әрекеттер туралы ақпараттандырып, «дроппер» ретінде қолданылуға жол бермеу, құқықтық сауаттылығын арттыру. Дроппер дегеніміз – өз дербес деректерін немесе банк шоттарын үшінші тұлғаларға беріп, алаяқтық схемаларға бейсаналы түрде қатысатын тұлға.
Кездесу барысында департамент басшысы Аслан Кеңесұлы жастарға арнайы дәріс оқып, құқықтық сауаттылықтың маңызы, заңсыз әрекеттердің жауапкершілігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, студенттер арасында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өткізілетін республикалық олимпиадаға қатысуға шақырды. Олимпиаданың мақсаты – жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресте белсенділік таныту.
Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.