КӨЛІК ИНСПЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘРЕКЕТ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

156

ҰҚК қызметкерлері жүйелі түрде пара алып келген көлік инспекторларын құрықтады. Құзырлы органның мәліметінше Астана, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы көліктік бақылау инспекцияларында жемқорлық жүйе қалыптасқан. Лауазымды тұлғалар жүк көлік транзитімен айналысатын кәссіпкерлерден қомақты көлемде пара алып келген. Яғни, инспекторлар жүк көліктерінің салмағы белгіленген нормадан артық болса да көз жұма қарап, заңбұзушылық әрекеттерге барған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Advertisements