21 мың науқасқа тегін дәрі-дәрмек берілмеген

175

Paparaci.kz Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда тиісті сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеп келген. Прокурорлар емдеу мекемелерін тексеріп, 21 маманның біліктілігін растайтын құжаты жоқ екенін анықтады. Олар фармацептикамен айналысып, басқа да медициналық қызметтер көрсеткен. Мұнан бөлек, әскери борышын өтеуге кетіп, тұрғылықты мекен-жайында болмаған 900-ден астам азаматтқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді деген жалған құжатпен мемлекеттен 17 миллион теңге төленген. Жалпы облыс бойынша 19 денсаулық сақтау нысанын тексеру барысында 21 мың науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені де анықталып отыр.

Тексеру нәтижесімен 13 адамның құқығы қорғалды. Бұзушылыққа жол берген 242 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде әкімшілік жауапқа тартылғандар да бар. Бюджетке 27 миллион теңге өндірілді,- деді Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Әділжан Сыздықов.

Advertisements