Тұрғындар автобусты өрт сөндіру көлігінің кабинасында күтеді

226

Paparaci.kz Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді. Шаһар тұрғындары енді автобусты өрт сөндіру көлігінің кабинасында күтеді. Бұл Сыр құтқарушыларының екінші креативті жобасы.
Өрт сөндіргіш құралдардан жасалған аялдама Жеңіс көшесі бойында орналасқан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында орнатылды.

«Енді бұл қала тұрғындары үшін жәй қоғамдық көлік күтетін орын емес, селфи-фотоға түсіп, жолаушыларға ерекше көңіл сыйлайтын аялдамаға айналмақ”,- дейді өрт сөндіру қызметінің өкілдері.

Advertisements