Облыс әкімі барған күні ауылдың күріш өңдеу зауыты өртеніп кетті

434

Paparaci.kz Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Дүр-Оңғар ауылында шаруашылықтың күріш ақтау зауыты отқа оранды. Қызыл жалын 240 тонна дәнді дақыл сақталған қойманы шарпыған. Оқыс оқиға бүгін түс ауа болған. Кәсіпорынның шатырынан тұтанған өрт лезде 234 шаршы метр аумақты жайлаған. Салдарынан диірменнен өткен 240 тонна күріш жалын астында қалып, 108 миллион теңгенің дайын өнімі өртеніп кетті. Зардап шеккен адам жоқ. Мамандар оқыс жағдайдың себеп-салдарын анықтауға кірісті. Сондай-ақ, шаруашылыққа келтірілген шығын көлемі де есептеліп жатыр.  Айта кетейік, дәл осы күні Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен бір топ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дүр-Оңғар ауылына барып, жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысқан болатын. Мәртебелі меймандар кетісімен күріш ақтау зауытынан өрт шықты.

Advertisements