Күре жолға 150 тонна тұз аралас құм себілді

160

Paparaci.kz Бүгін таңнан бері өңірдің басым бөлігінде қар жауып, “Самара-Шымкент” тасжолында көктайғаққа қарсы шұғыл жұмыстар қолға алынды.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар күре жолдың 1702-2056 шақырым аралығында (Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы аумағында) тайғаққа қарсы материал себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған “ҚазАвтоЖол” компаниясына қарасты “КАЖсервис” ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалынан14 арнайы техника мен 6 тиегіш көлік жұмылдырылып, жол бойында 50 жуық адам тынымсыз еңбек етуде.

«Қазіргі таңда жолға 150 тоннаға жуық құм-тұз араласқан материал себілді. Жағдай бір қалыпты. Жолда шектеулер орын алған жоқ. Көлік қатынасы екі бағытта да кедергісіз жүріп жатыр»- дейді “КАЖсервис” ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалының директоры Нұрбол Абызбаев.

Advertisements