Күре жолдың бойында қызу тірлік

140

 paparaci.kz Сыр өңірінен өтетін республикалық маңыздағы «Самара-Шымкент» автомобиль жолымен бүгінде күн сайын 15 мыңға жуық көлік әрі-бері қатынайды. Қыс мезгілінен кейін күре жолдың кейбір бөліктерінде ой-шұқыр пайда болып, мамандар қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде 350 шаршы метрдей аумақ жөнделіп, асфальт жабындысы талапқа сай тегістелді. Сондай-ақ, трассаға 50 дана жол белгілері орнатылып, 150 шақырым таңбасы жаңадан сызылды. Мұнан бөлек, 6 автопавильон жаңғыртылып, аялдамалар мен әжетханаларға әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.

Advertisements