Такато: Мен берген киманоның арқасында жеңіске жетті

96

Елдос Сметов финалдық белдесуге танымал дзюдошы Такатоның кимоносын киіп шыққан, деп хабарлайды paparaci.kz сайты.

Париж төрінде көк туды желбіреткен Елдос Сметов дзюдодан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Ал қазақстандықтың жеңісіне пікір білдіргендер қатарынан атышулы қарсыласы Наохиса Такато табылды. Ол әріптесі Елдос Сметов аталған сынға өзі сыйлаған кимононы киіп шыққанын айтты. “Елдос, мен сыйлаған дзюдо кимоносын киіп, алтын медаль иеленді”, – деп жазды дзюдошы әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Наохиса Такато 10 жылдай бір-біріне қарсылас болып келеді. Олар Рио және Токио Олимпиадасында қатар тұғырға шыққан. Сметов 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанған сәтте жапон балуаны қола жүлде алды. Ал Токиода Такато чемпион атанып, отандасымыз қола жүлдені қанағат тұтты. Такато өткен жылы Жапонияның іріктеу бәсекесінде құрамадағы басты қарсыласы Рюджи Нагаямаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасынан тыс қалды. Ал кеше Нагаяма 60 келіде қола медаль иеленді.

Advertisements