Қызылордадағы тұрғын үйде жарылыс болды: Балалар жансақтау бөлімінде

98
Фото: instagram.com/qyzylorda_tjd

Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде табиғи газдың шығуы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы туындады, деп хабарлайды  paparaci.kz.

Жарылыс салдарынан 4 жасөспірім зардап шеккен. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық ТЖД балалар мен жасөспірімдерге электр, газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін түсіндіруді сұрайды.

Advertisements